«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты бірыңғай сынып сағаты өтті

07.04.2026

7 «Б» сыныбында «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйрету және олардың болашақтағы жетістіктерімен байланысын көрсету.

 

Сынып сағаты барысында оқушылар салауатты өмір салты туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу тақырыптары талқыланды.

 

Іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

 
Просмотров: 56


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу