Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің 3 ауысымының 2-күні – "Домбыра күні"
2025 жылдың 2 шілде күні мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің үшінші ауысымындағы оқушылар үшін ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған "Домбыра күні" ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыраның маңызын таныту, күй өнерін насихаттау және өнерлі оқушыларды қолдау.Іс-шара барысында оқушылар:Домбыраның тарихымен және құрылысы туралы мағлұматтармен танысты; Белсенді оқушылар домбырамен күй тартып, ән шырқады; "Күй тартыс", "Кім жылдам?" сияқты ұлттық ойындарға қатысты;Күйді тыңдап, атауын табу сынды қызықты танымдық жарыстарға белсене қатысты;
Лагердің 3 ші күні балалар су әлемі туралы жаңа мәліметтер алды, белсенді қатысты, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олардың табиғатқа деген жауапкершілігі мен қызығушылығы артты.
«Жадыраған жаз» тақырыбында таңғы шеңбер ұйымдастырылды. Балалар өз ойларын ортаға салып, жаз мезгілі жайлы әңгімелесті. Оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, жаз мезгіліне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Балалардың белсенділігі мен қиялы қуантады.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалар барлық іс-шараларға белсенді қатысты. Әсіресе шығармашылық сабақтарда үлкен қызығушылық танытты. Тәртіп сақталды, балалар арасында достық қарым-қатынас қалыптасты.