15.11.2023 жылы 8-11 сынып қыздарымен «Репродуктивті денсаулық және оны сақтау дағдылары» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, «Әйелдердің құпия табиғаты» атты танымдық фильм көрсетілді.
14.11.2023 жылы 8-11 сынып аралығындағы ер балаларға «Нағыз ер адамның 5 құпиясы» атты танымдық фильм көрсетілді.
16.09.2023 жылы мектепте «Бірінші сынып оқушысын мектепке бейімдеу» атты ата-аналар жиналысы өтті.
24.01. «Сен осы әлемнің бір бөлшегісің!» атты психология апталығының екінші күні. Сейсенбі «Мейірімділік күніне» келесі іс-шаралар өткізілді:
«Жақсылық жаса» акциясы, «Жақсылықты суретке сал» шығармашылық қабырғасы, сонымен қатар мұғалімдермен «Шын жүректен» тренингі өткізілді.
23.01. мектепте «Сен осы әлемнің бір бөлшегісің!» атты психология апталығының ашылуы болды. Дүйсенбі "Көңіл-күй күніне" келесі іс-шаралар өткізілді: "Эмоцияларды көрсет" және "Тілектер ағашы" тақырыптарында акциялар өткізілді.
16.01.2023 Мектеп психологтары мұғалімдермен «Бала жанын тану» тренингін өткізді.
2022 жылдың 30 желтоқсанында мектеп психологтары 8-9 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тренингін өткізді.
Мақсаты: өзін-өзі танудың шекарасын кеңейту және мамандықтар әлемі туралы ақпарат алу арқылы кәсіби жолды таңдауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ету.
Мектеп психологтары «Жасөспірімдерге дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға көмектесу» парақшаларын таратты.
9-11 сынып оқушыларымен А.Е.Голомштоктың «Қызығушылық картасы» сауалнамасы өткізілді. А.Е.Голомштоктың қызығушылықтар картасы кәсіптік бағдар беруде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеуге бағытталған.
Мектеп психологтары 9-11 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тренингін өткізді.
Мектеп психологтары 9-11 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – жауапкершілік» тақырыбына әңгіме өткізді.
9-11 сынып оқушыларына «Мамандықты дұрыс таңдау – сенің болашағың» атты парақшалар таратылды.
Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Үлкен өмірге енді қадам басқан жас ұрпақтың алдында мың мамандықтың ішінен лайықтысын таңдау міндеті тұр. Дүние жүзінде 50 мыңға жуық түрлі мамандықтар бар және олардың қатарына жыл сайын 500-ге жуық жаңа түрлері қосылып отырады. Осы көп салалы мамандықтардың арасынан таңдау жасау керек.
5-6 сынып оқушыларымен мектеп психологтары «Мен және менің отбасым» атты тренинг өткізді.
Мектепте 6-8 сынып ата-аналарымен «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанына арналған «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.