2023 жылғы 03 ақпанда « Үздік әдістемелік бірлестік 2023» мектепішілік байқауының 1 кезеңі (визитка) өткізілді. Байқауға қатысушылар ӘБ пәндік бағытын ашудың өзіндік ерекшелігі мен шеберліктерің көрсетті. Қойылымның мазмұны, жарықтығы, сахналық мәдениеті, эмоционалдылығы болды.
10.02.2023 және 13.02.2023 күндері мектепішілік «Үздік әдістемелік бірлестік-2023» байқауының ІІ кезеңі Ашық сабақтар өткізілді. Жүргізілген ашық сабақтарда, мұғалімдер жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерінің көптеген түрлерін қолданды. Әр сабақтар жоғары деңгейде өтті.
Бүгін мектепішілік «Үздік әдестемелік бірлестік» байқауының ІІІ кезеңі «Шеберлік сағаты» мәресіне жетті. Бұл кезеңде әдістемелік бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама негізінде іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік бірлестіктер өте жоғары деңгейде өз шеберліктерін көрсете білді.