«Білім еліне саяхат» атты Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында 12 сəуір - Ғарышкерлер күніне орай 2,3,4 «А» сынып оқушыларының суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып апталығының жоспары бойынша 7 сәуір күні 2-4 сынып оқушылары арасында «Әдемі жазу-өнер» атты көркем жазу сайысы өткізілді.Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.
Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінде 06.04.2023 ж күнi бастауыш сынып оқушыларының арасында "1001 мақал,101 жұмбақ" сайысы өтті.Оқушыларды ата-бабамыздың қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал мәтелдер мен жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін тәрбиелеу.Өз ойларын әдеби тiлде жеткiзе бiлуге баулу,ой жүйріктігiн дамыту.Оқушылар белсенділік көрсетті.
05.04.2023 жылы бастауыш сынып апталығы аясында бүгін математика күні болды.«Біз кестені 5-ке білеміз» атты ойын өткізілді.Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп,ребустар шешті.Ойындарға оқушылар белсене қатысып,ойындар көңілді әрі қызықты өтті.
04.04.2023 жылы. Бастауыш сынып апталығы аясында 3 «А» сынып оқушылары арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалдық сайысы өткізілді. Ойын қызықты, әрі танымдық сұрақтарға толы болды. Сайысқа қатысушылар өте мұқият бола білді. Әділ - қазылардың шешімі бойынша: 3 «А» сынып оқушысы Аширбек Айдын жүлделі 1 орынға ие болды.Омаров Ерасыл жүлделі 2 орынға, Төлеужанұлы Нұрислам жүлделі 3 орынға ие болып мадақтамалармен марапатталды.
03.04.2023 жылы бастауыш сынып апталығының бірінші күні жоспар бойынша өтті.2,3«А» сыныптарға “Зерек болсаң,тауып көр» атты ойыны өткізілді.Балалар белсене қатысып, ребустар, сөзжұмбақтар шешті.Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті.Іс-шара соңында балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.