5б және 5а сыныптарымен "Қазпочта " бөлімшесіне экскурсия.
6а сынып оқушылары 1 қараша күні сынып жетекшісімен жергілікті тәттілер жасайтын орын кулинарияға экскурсияға барды. Экскурсия кезінде оқушылар негізгі жабдықтарымен танысып. Тәттілердің жасалу жолдарын көріп, өздері жасап көрді. Экскурсия қызықты, әрі тартымды
2.11. 7»а» оқушылары ауылдық дәрігерлік амбулаторияға экскурсияға барды. Балалар дәрігер мамандығы туралы көп нәрсені бiлдi.
Бүгін 1.11.2023 жылы 6-7 сынып оқушылар Көкшетау қаласына Cinema Alem кинотеатрына барып жақсы фильм көріп тамашалап келді. Сынып жеткішілері: Алимова М. К, Саутова Д.Т
Бүгін 3-4 «А» сыныптар арасында Не?Қайда?Қашан? атты интеллектуалды ойын сайысы өткізілді.Бұл сайыста оқушылар екі топқа бөлінді. «Қыран» және «Барыс» топтары логикалық сұрақтарға жауап берді.Оқушылар барлық сайыстарға белсене қатысты.Сайыстың нәтижесі бойынша «Барыс» тобы 1-орын, «Қыран» тобы 2-орын алып,дипломдармен марапатталды.
Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінде балалардың күзгі демалысын ұйымдастыру мақсатында 2А, 2Б сынып оқушыларымен «Сен өз Қазақстаның туралы не білесің?» атты викторина өтті.Балалар өз елі туралы не білетіндерін айтып, сұрақтарға жауап берді.Олар Отан туралы білетін тақпақтарын да айтты.Соңында балалар мақтау қағазымен марапатталды.
5б және 5а сыныптарының «Сәнді үкім» күзгі топтаманың сән көрсетілімі
31 Қазанда 3 Б және 4 б сынып оқушылары арасында "Күзгі вернисаж" суреттер байқауы өтті. Байқау нәтижелері: 1 орын-Русланова Еркемай, 2 орын-Копей Мақсат, 3 орын - Плаксина Руслана. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлығы. оқушыларға қатысқаныңыз үшін рахмет.
Кино күні "Фильм! Фильм! Фильм!"
10 «Б» сыныбында фильмді сыныпта талқылай отырып, ұжымдық қарау өткізілді. Сынып жетекшісі Майлобаева А.Р.
Күзгі демалыста 10 “А” сынып оқушылары Көкшетау қаласына экскурсияға барды. Экскурсия барысында балалар Кеңес Одағының батыры- Мәлік Ғабдуллин музейіне барып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы көп ақпарат алды. “Cinema” кинотеатрына барып, ұлттық тағамымыз жайлы түсірілген “Бесбармақ” комедиясын тамашалады. Фильм арқылы ұлттық құндылықтарымызды бағалаудың маңыздылығы жайында ой түйіндеді. Саябақта қыдырып, бір-бірімен әңгімелесіп, уақытты қызықты өткізді.