«Ақмола облысының білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі
Кенесары ауылы Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стардартпен танысу бойынша хабарлама.
Ағымдағы жылдың 28-інші қараша күні Сәтпаев атындағы мектебінде ұжыммен 2025-2026 оқу жылына « ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және негізгі орта білім беру стандартының негізгі ережелерімен таныстырылым болды. Онды 2016 жылғы білім стандартпен 2026 жылы білім жүйесіне кіретін кіретін жаңартылған стандарттағы өзгерістер мен өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Қазіргі қолданыстағы 6 тарау сақталады, тек жаңа жобаға 5-інші тарауға енгізілген. Құндылықтар саны өзгереді.
03.04.2024 жылғы Мемлекеттік президент Қ.Тоқаевтың 3-ші құрылтайында айтылған сөзі тек 6-ыншы құндылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті сабақтарда тәрбие құндылықтарына аса назар аударылып Тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық кіріктірілмек.
Стандарттың қолдану салалары оқу процесі барлық құрамдас бөліктерінің байланысын қамтамасыз ету, оқыту мен бақылау,педагогтер біліктілігін арттыру,педагогтерді аттестаттау,тәрбие жұмысы, мониторинг пен кері байланыс туралы айтылады.
Сонымен қатар білім берудің базалық мазмұнына қойылатын талаптар айтылады.
Бастауыш білім берудің базалық құндылықтары, педагогикалық тәсілдеме және инклюзивті білім берудің негізгі талаптарымен тәсілдері , пән аралық біріктіру,білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер,білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе айтылады.
Критериалды бағалау – ҚМЖ,БЖБ,ТЖБ, дескриптор арнайы бөлім болып жазылады.
Қорыта айтқанда жаңа стандарт жобасының басым бөлігін , мектеп ұжымы қолдайды