Текст
1-қазан Қарттар күніне орай мектебімізде мектеп ардагерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қадірлі ардагерлеріміз, сіздерге жасаған ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін үлкен қазына. Қарттар күні құтты болсын!