Текст
13.01.2026
2026 жылғы 13 қаңтарда мектебімізде оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өтті.
Дәрісті Бурабай ауданы ПБ ЮПБ полиция инспекторы Саутов Отжас Дарапович жүргізді.
Іс-шара барысында «Әкімшілік құқықбұзушылықтар және буллинг» тақырыбы қамтылды. Дәріс кезінде білім алушыларға кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі, буллингтің себептері, түрлері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жағымсыз мінез-құлықтың алдын алуға ықпал етеді.