Текст
Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақ өтті.Жаңа сабақты бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып,«Flippity.net» әдісі арқылы топқа бөлініп,LearningApps платформасы арқылы пазлдағы сұрақтарға жауап беріп өткен сабақты бекітті.Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, бейнеролик тамашалады.Оқушылар ұжымда,топта жұмыс жасады.Топтық жұмыста «Көгершіннен хат» әдісі арқылы 3 топқа тапсырмалар берілді.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Сабақты қорытындалау мақсатында «G forms » әдісі қолданылып,оқушылар тест тапсырмаларын орындады.Оқушылар өз ұпай сандарын таратылған картаға жазды.Сабақ өте қызықты өтті.