Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Сатпаева села Кенесары отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек күні

28.09.2023

Еңбек,бәрін жеңбек демекші,елімізде еңбек күні аталып өтеді. Еңбекті баладан,қартайған кісіге дейін жасайды. Сондай еңбекқор кісінің бірі мен Мергимбаева Гульнара Мақсұтқызы боламын. Еңбек жолымды 1985 жылы ,21жасымда бастадым. Алғашқы еңбек күнімді ,Қызылорда қаласы,Жалағаш ауданы,Коммунизм ауылындағы мектептің математика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Сол жылы Қызылорда қаласындағы пединституты бітірдім. Қазіргі уақытта Ақмола облысы,Бурабай ауданының Кенесары ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғаліммін. Мұғалім өте жауапты жұмыс. Балаларды тәрбиелей отырып,білім береміз. Мақтанышпен айта аламын,менің білім берген балаларым еліміздің түкпір түкпірінде әр салада еңбек етіп жүр. Бірі банкир,бірі бизнесмен,бірі жоғары дәрежелі дәрігер,бірі байланысшы,бірі эколог,бірі механизатор т.б.Еңбек жолыма 38жыл болды. Бос уақытымда бақшамен айналысамын. Содан ләззат алып,балаларға білім беремін. Менің еңбегім ұшан теңіз! 

Просмотров: 1057


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст