«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ

05.10.2026

2 қазан күні Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 3–4 сынып оқушылары арасында Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.

Олимпиадаға барлығы 19 оқушы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 6 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды:

  • 3-сыныптан – 3 оқушы;
  • 4-сыныптан – 3 оқушы.

Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы аудандық кезеңде сәттілік тілеп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспіз!

 
Просмотров: 22


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу