Педагогикалық кеңес
14.09.2026
31 тамыз 2026 жылы Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы:
«Жаңа оқу жылындағы білім беру үдерісінің негізгі бағыттары мен міндеттері»
Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары, әдістемелік бағыттар, педагогтердің оқу жүктемесі, сыныптарды жинақтау, сабақ кестесі, біліктілікті арттыру, мұғалімдердің санатын көтеру, сондай-ақ оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жаңа оқу жылын ұйымшылдықпен бастап, сапалы білім мен нәтижелі тәрбие беруге бағытталған міндеттер айқындалды.
Просмотров: 38