Ата-аналар комитетінің отырысы

09.09.2026

2026 жылғы 9 қыркүйек күні мектебімізде ата-аналар комитетінің отырысы өтті.

Отырыста 2025–2026 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жұмысы қорытындыланып, мектептің ішкі тәртіп ережелері қаралып, жаңа оқу жылына арналған комитеттің жаңа құрамы сайланды.

Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс бағыттары мен негізгі міндеттер айқындалып, алдағы бірлескен жұмыстар талқыланды.

Ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық – оқушының жан-жақты дамуы мен тәрбиесінің маңызды негізі.

 
Просмотров: 37


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу