ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

06.08.2026

Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Балалардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

 

Жолдағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

 

  • Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту;
  • Бағдаршамның рұқсат беретін белгісін күту;
  • Жолды кесіп өтпес бұрын екі жаққа қарап, көліктің жоқтығына көз жеткізу;
  • Жолдың жүріс бөлігінде ойнамау;
  • Жолға кенеттен жүгіріп шықпау;
  • Автобус пен көлікті жолдың жүріс бөлігінде күтпеу;
  • Көлікке мінгенде және түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • Велосипед, самокат және басқа да қозғалыс құралдарын пайдаланғанда қорғаныс құралдарын қолдану;
  • Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтері бар киім немесе аксессуар тағу;
  • Жол қозғалысы белгілері мен жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын сақтау.

 

Құрметті ата-аналар!

 

Балаларға жол қозғалысы ережелерін үнемі түсіндіріп, көшеде және жол бойында қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға көмектесіңіздер.

 

Есіңізде болсын! Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғау!

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу