СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

06.08.2026

Жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

  • Суға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда түсу;
  • Құтқару қызметі белгілеген қауіпсіздік талаптарын сақтау;
  • Суға жалғыз бармау, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
  • Бейтаныс және қауіпті су айдындарында шомылмау;
  • Суға жартастан, көпірден және басқа биіктіктен секірмеу;
  • Қатты ағыс, тереңдік немесе су өсімдіктері бар жерлерге бармау;
  • Суда бір-бірін итермеу, қауіпті ойындар ойнамау;
  • Мас күйінде немесе өзін жайсыз сезінген жағдайда суға түспеу;
  • Қайықта, катерде және басқа да жүзу құралдарында құтқару кеудешесін пайдалану;
  • Ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға түспеу.

Ата-аналарға ескерту!

Балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар. Баланы су маңында қараусыз қалдырмаңыздар және қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыздар.

Есіңізде болсын: судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғау!

 
Просмотров: 53


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу