Жеңіс күні қарсаңында экологиялық акция өтті

07.05.2026

Жеңіс күні қарсаңында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында ескерткіш маңында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақ ретке келтірілді. Акцияға қатысушылар туған жердің тазалығы мен тарихи орындарға құрмет көрсетудің маңызын насихаттады.

 

Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. 🇰🇿🌿

Просмотров: 71


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу