«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі өтті

05.05.2026

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Түлектердің ағаш егуі» атты экочеллендж ұйымдастырылды. 🌱

 

Акция барысында мектеп түлектері білім ордасының ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, туған мектебіне естелік қалдырды. Іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған мектепке деген құрметті арттыру.

 

Мұндай игі бастамалар табиғатты аялауға үндеп қана қоймай, жас ұрпақтың жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін нығайтады. 🌿

 
Просмотров: 61


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу