«Біз әртүрліміз — біз біргеміз» фестивалі өтті

01.05.2026

30 сәуір күні мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Біз әртүрліміз — біз біргеміз» атты мектепішілік фестиваль ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Қатысушылар ән айтып, би билеп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жарқын көріністер ұсынды.

 

Фестиваль достық, татулық пен бірліктің маңызын насихаттап, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 🇰🇿✨

 
Просмотров: 60


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу