«Конституция кілті» квест-ойыны өтті
29.04.2026
Мектебімізде білім алушылардың қатысуымен «Конституция кілті» тақырыбында квест-ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына деген қызығушылықты арттыру, құқықтық сауаттылықты дамыту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Квест барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, түрлі тақырыптық кезеңдер бойынша тапсырмалар орындады. Оқушылар заңдар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетіп, белсенділік пен тапқырлық танытты.
Іс-шара барысында білім алушылар ұйымшылдық, жылдам шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, бір-біріне қолдау білдіріп, өзара ынтымақтастықтың маңызын түсіне білді.
Танымдық әрі қызықты форматта өткен квест қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, құқықтық білімдерін нығайтуға мүмкіндік берді.