«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
20.04.2026
Бүгін мектебімізде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Мектеп қызметкерлері мектеп аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты. Сенбілік барысында мектеп ауласы тазартылып, гүлзарлар мен айналасы ретке келтірілді.
Осындай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға тәрбиелейді.
«Таза Қазақстан» акциясы – туған жердің тазалығы мен табиғатын аялаудың маңыздылығын еске салатын игі бастама.
Просмотров: 62