Кәсіби бағдар беру кездесуі өтті
20.04.2026
2026 жылғы 8 сәуір күні мектепте 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шара аясында «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» өкілдері келіп, оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу бағыттары және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға байланысты пайдалы мәліметтер алды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етті.
Просмотров: 63