«Байқоңырдан басталған сапар» атты сынып сағаты өтті
06.04.2026
2 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ғарыш туралы түсінік беру және ғарышкерлер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлердің еңбегі және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мәліметтер ұсынылды. Оқушылар тақырыпты қызығушылықпен тыңдап, өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
Практикалық бөлімде оқушылар өз қолдарымен ғарыш тақырыбына байланысты түрлі қолөнер бұйымдарын (зымыран, ғарыш кемесі, планеталар) жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақ соңында оқушылар алған білімдерін қорытындылап, өз әсерлерімен бөлісті.
Просмотров: 62