Мектебіміздің оқушысы республикалық олимпиадада жүлдегер атанды

30.03.2026

2026 жылдың 24–28 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бастау» XIX республикалық математикалық олимпиадасы өтті. Аталған білім бәйгесінде Ақмола облысының намысын қорғаған мектебіміздің оқушысы Мусин Мансур жоғары нәтиже көрсетіп, жеке сынақта жүлделі III дәрежелі дипломға ие болды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау, олардың білім деңгейін тереңдету және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.

Мансурдың жетістігі – табандылық пен үздіксіз еңбектің нәтижесі. Сонымен қатар, бұл жеңіс шәкірттің ғана емес, жетекшісі Филенко Мария Витальевнаның кәсіби шеберлігі мен білікті еңбегінің айқын дәлелі.

Ұстазымызға оқушы тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз.

Мусин Мансурды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

 
Просмотров: 67


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу