Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Сатпаева села Кенесары отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих апталығы аясында «Ел тарихын білесің бе?» атты интеллектуалдық шоу өтті

01.03.2026

Тарих апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Сағынаева Сабина Сағындыққызы ұйымдастырған «Ел тарихын білесің бе?» атты интеллектуалдық шоу өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың тарихи білімін тереңдету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық белсенділігін арттыру.

 

Шоу барысында қатысушылар қазақ халқының көне дәуірінен бастап тәуелсіздік кезеңіне дейінгі маңызды тарихи оқиғалар бойынша білімдерін сынады. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:

• «Жылдар сөйлейді»

• «Тұлғаны таны»

• «Капитандар сайысы»

• «Сурет сыр шертеді»

• «Бәйге»

 

Сайыс сұрақтары сақ, ғұн дәуірінен бастап Қазақ хандығы кезеңі, Алаш қозғалысы және тәуелсіз Қазақстан тарихын қамтыды. Оқушылар тарихи тұлғалар туралы білімдерін ортаға салды.

 

Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен жылдамдық көрсетіп, командалық рухтарын айқын байқатты. Көрермендер де өз қолдауларын білдіріп, тартысты сәттердің куәсі болды.

 

Интеллектуалдық шоу қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезімдерін нығайтуға үлкен үлес қосты

 
Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст