2–4 сынып оқушылары арасында «Ішімдік пен темекі шегу туралы шындық пен өтірік» тақырыбында сурет байқауы өтті

20.02.2026

Мектебімізде 2–4 сынып оқушылары арасында «Ішімдік пен темекі шегу туралы шындық пен өтірік» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсінігін қалыптастыру, зиянды әдеттердің адам денсаулығына кері әсері жөнінде білімдерін арттыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Байқау барысында оқушылар өз ойларын сурет арқылы жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар белсенділік танытып, тақырыпты әр қырынан бейнелей білді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

 
Просмотров: 46


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу