Текст
11.02.2026
Ауған соғысынан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Тарлан» әскери-патриоттық клубының мүшелері және клуб жетекшісі Ахметжанов А. Қ. «Мәңгілікке кеткен сарбаздар» атты акция өткізді.
Акция барысында бекітілген ескерткіштердің аумағы қардан тазартылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, сарбаздардың ерлігіне құрмет көрсетуге және тарихи жадыны сақтауға ықпал етеді.