Текст
26.01.2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 5–7 сынып оқушылары арасында командалық эстафеталардан тұратын спорттық мереке өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың физикалық дайындығын арттыру, командалық рухты қалыптастыру, сондай-ақ спорт арқылы тәртіп пен ынтымақтастықты дамыту.
Мереке барысында оқушылар әртүрлі эстафеталық тапсырмаларды орындап, өз командасын жеңіске жеткізу үшін бір-біріне қолдау көрсетті. Спорттық жарыстар мен қызықты ойындар түрінде ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлап, естен кетпес әсер қалдырды.