Ата-аналар жиналысы: балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

22.12.2025

Біздің мектепте ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмір қауіпсіздігі мәдениетін дамыту тақырыбында маңызды мәселелер талқыланды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу:

Кенесары ауылдық округінің учаскелік инспекторы Саутов О.Д. балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі мен құқықтық жауапкершілігі жайлы баяндады.

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу:

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Саттыбаева С.Т. кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен бостандығына қарсы қылмыстардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу:

Мектеп психологы Ахметжанова А.А. оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау және қиындықтарды алдын алу шаралары жайлы айтты.

Нашақорлықтан сақтану:

Мектептің медицина қызметкері Жамахай А.Ж. қазіргі заманғы өзекті мәселе – нашақорлық және оның алдын алу жолдары туралы кеңестер берді.

Буллинг және кибербуллинг:

Психолог Самбаева Ж.Е. балалар арасындағы конфликтілердің себептері, формалары және салдары жайлы түсіндірді.

Қысқы кезеңде балалардың қауіпсіздігі:

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Исабекова А.М. қысқы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын айтып өтті.

Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты міндеті.

 
Просмотров: 52


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу