Бүгін «Солнышко» жазғы алаңында ерекше әрі әсерлі күн болды — соңғы, оныншы күн! Балалар таңертеңнен бастап қуанышқа бөленіп, «Қазына іздеу» атты қызықты квест ойынына қатысты. Түрлі тапсырмаларды орындап, бір-біріне көмектесіп, нағыз команда ретінде жұмыс істеді. Әр сәт толқу мен шаттыққа толы болды. Күннің ең жарқын сәті — лагерьдің жабылу салтанаты. Балаларға арнайы мадақтамалар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Көңілдерінде қуаныш, жүздерінде күлкі ойнап тұрды. Бұл жазғы алаң – тек ойын мен демалыс қана емес, сонымен қатар достыққа, мейірімге, шаттық пен шабытқа толы керемет әлем болды.Әр бала жүрегінде жылы естеліктермен үйіне оралды.Осымен жазғы лагерь өз мәресіне жетті.Қатысқан барлық балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздер бұл жазды жарқын естеліктермен көмкердіңіздер. Келесі кездескенше, «Солнышко»!