Текст
«Солнышко» жазғы алаңында бүгінгі сегізінші күн жарқын сәттерге толы болды! Балалармен бірге «Қолөнер көрмесін» ұйымдастырдық. Әр бала өз қиялы мен шеберлігін танытқан түрлі бұйымдар жасады. Сонымен қатар VR технологиясы арқылы су асты әлеміне саяхат жасап, қызықты мәліметтермен танысты. Таза ауада көңілді ойындар ойнап, тамаша көңіл-күйге бөленді.