Текст
Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы “Солнышко” жазғы алаңындағы бүгінгі күніміз көңілді әрі белсенді өтті! Таңымыз дәстүрлі жаттығудан басталып, балалар экологиялық квесттер мен түрлі жарыстарға қатысып, өздерін жан-жақты сынап көрді. Күніміз таза ауада ойналған ойындармен аяқталды.