АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруы. АИТВ-адамның иммундық тапшылық вирусы және ЖИТС –
жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. АИТВ — адамның иммундық тапшылық
вирусы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен
кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте
келе АИТВ-ны жұқтырған адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған
иммундық тапшылық синдромы) жұққаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін
қойылады. ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру.
Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы
мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.).
Ашылу тарихы ЖИТС-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының
қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖИТС туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан
екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖИТС
термині қолданды. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖИТС-ның таралыуының дамуы
жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауіпті екендігі туралы бірнеше
мақалалар шықты. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен
бөлек екі лаборатория анықтады: а) Люк Монтанье басшылығының қол астында
Францияда Пастер Институтында ә) Роберт Галло басшылығының қол астында, АҚШ ұлттық
рак институтында.
Инфекция көзі вирус (ретровирус) жұқтырып алған адам — вирус тасымалдаушылар. ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады.
Ешқандай ауру белгілері байқалмағандықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте
қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, ана сүтінде
болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
а) жыныстық қатынас;
ә) вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т.б. жағдайларда)
б) анасынан нәрестеге жүғу арқылы.